Қостанай облысының Білім басқармасы жергілікті мектептерде жұмыс істеген педагог мамандар қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қайғылы оқиға 16 желтоқсанда болған. Үш адам қаза тапқан.
16 желтоқсанда облыс аумағында болған жол апатынан екі педагог қаза тапқанын өкінішпен хабарлаймыз. Қостанай ауданы Заречный мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сондай-ақ Алтынсарин ауданының «Больше-Чураков» жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы туыстарына бара жатқан кезде «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында апаттан қаза тапты. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - деп хабарлады Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Басқарма үшінші педагог жеке мектепте жұмыс істегенін айтты.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жеке үйде өрт болып, 52 жастағы әйел ажал құшқанын жазған едік.