Алматы - Бішкек тас жолында ер адамды көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 17 желтоқсанға қараған түні Алматы-Бішкек тас жолының 23 шақырымында болды.
Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлады ведомстводан.
ТЕРГЕУ
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Өңір полициясы жаяу жүргіншілерді қырағылық танытуға, жолды тек белгіленген орындарда кесіп өтуге және жол қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады, – деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш мұғалім қаза болды.