×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

«Уақытты қайтарыңдар»: ШҚО тұрғыны Қазақстан Үкіметін сотқа беріп, жеңіліп қалды

Бүгін, 10:02
«Уақытты қайтарыңдар»: ШҚО тұрғыны Қазақстан Үкіметін сотқа беріп, жеңіліп қалды
Ulysmedia коллажы

Астанада азаматтық тәртіпте қаралған сотта Серікжан Ахметжановтың талап-арызы бойынша шешім шықты. Ол Үкіметтен бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы қаулысының күшін жоюды талап еткен болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Судья шешімнің дәлелді бөлігін ашып айтпаған. 

Серікжан Ахметжанов Үкіметтің бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы қаулысын заңсыз деп тануды талап еткен еді. Ол Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бола тұра, уақыттың ауысуынан зардап шегетінін айтқан. Өйткені аймақта күн сағат 16.00-ге дейін батады. Ахметжановтың айтуынша, бастапқыда мәселені талқылау кезінде тұрғындардың мүддесі, ұстанымы қарастырылмаған.

ЖАҢА УАҚЫТ БЕЛДЕУІ

Қазақстан биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Алайда бұл барлық тұрғынға бірдей қолайлы болмай шықты. Қазақстандықтар тіпті уақытты кері қайтару туралы петиция жариялап, оған қысқа уақытта 50 мың қол жиналған. Мәжілістің бір топ депутаты да жаңа уақыт белдеуіне қарсы пікір білдірген.

Бірақ үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өтудің дұрыстығын қайталаудан танбай келеді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәліметінше, қолданыстағы UTC + 5 сағаттық белдеуі Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына әсер етеді әрі электр энергиясын шамадан тыс тұтынуға алып келеді деген уәж расталмады деген.