×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Генерал қазасынан кейін сарапшылар Путинге қауіп мәселесін талқылап жатыр

Бүгін, 15:31
Генерал қазасынан кейін сарапшылар Путинге қауіп мәселесін талқылап жатыр
Коллаж Ulysmedia.kz

Прагадағы «Еуропалық құндылықтар» аналитикалық орталығының директоры Якуб Янға BILD журналистері Ресей президенті Владимир Путиннің өміріне қауіп төніп тұр ма» деген сауал қойды, деп жазады Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

«Мен Владимир Путинге Украинаның мемлекеттік операцияларынан тікелей қауіп төніп тұрғанына сенбеймін», – деп мәлімдеді Якуб Янда.

Оның айтуынша, мұның себебі – Ресей басшысының «мұқият ойластырылған қауіпсіздік шаралары».

ӨЗГЕ ШЕНДІЛЕРГЕ ҚАУІП БАР МА

Соған қарамастан, сарапшы Ресейдің орта буынды шенеуніктеріне қауіп төнуі мүмкін екенін ескертеді.

«Ресей мемлекетінің орта буын өкілдері енді өз өмірлері үшін шын мәнінде қорқуы керек. Украина жаудың астанасының дәл ортасында осындай сәтті операция жүргізу арқылы әскери қылмыстарға қатысы бар барлық ресейліктерге түпкілікті сигнал жіберді: Украина сіздерді кез келген жерден табады» дейді ол.

︎Берлиндегі «Еуропалық тұрақтылық орталығы» бастамасының директоры Сергей Сумленный Путинді әдейі аман қалдырып отыр деп санайды.

«Украина оған «өзінің ұлылық маниясымен армиясын құрдымға апаратын диктатор рөлін» беріп отыр. Бұның орнына Украина қауіпсіздік қызметі мен әскери барлау басқармасы Ресейдің әскери қабілетін әлсірету үшін маңызды офицерлерді жойып жатыр», – деді Сумленный.

ПУТИННІҢ ҮРЕЙІ

Ал америкалық «Еуропалық саясатты талдау орталығының» аға ғылыми қызметкері Джессика Берлин мұны басқаша бағалайды:

«Путин күн сайын өзінің өмірі үшін қорқады, және бұл бұрыннан белгілі. Ол бекерге сыңарларын, тағам татып көрушілерді және әйгілі ұзын үстелін ұстап жүрген жоқ». Украина жоғары лауазымды офицерлерді Мәскеудің дәл ортасында ұстай алатын мүмкіндігі оның «паранойясы мен өз халқына деген сенімсіздігін күшейте түседі», – деді Берлин.

ГЕНЕРАЛ ӨЛІМІ

Бұған дейін Ресей астанасында Укрианалық соғыста әскери қылмыс жасауға бұйырық берген генерал Игорь Кириллов пен оның көмекшісі жарылыстан қаза тапқан. Жарылыс үшін жауапкершілікті Украина өз мойнына алған.

КҮДІКТІ

Ұзамай Ресей тергеу комитеті генерал Кирилловтың өліміне күдікті ұсталғанын мәлім етті. Күдікті – Өзбекстан азаматы, 1995 жылы туған, деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитеті.

Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда, күдікті тергеу кезінде «Украинаның арнайы қызметтерімен жалданғанын» айтқан. Оның сөзінше, ол Мәскеуге келіп, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алған. Каршеринг көлігінде ол камера орнатып, оқиғаны Днепр қаласына онлайн трансляциялаған.

Жарылғыш құрылғы подъездің жанында тұрған самокатқа қойылған. Әскери қызметкерлер подъезден шыққан сәтте, видеосигнал бойынша құрылғы қашықтан іске қосылған.

Генералдың өлімі үшін оған «100 мың доллар және Еуропа елдерінің бірінде өмір сүруге мүмкіндік беріледі» деп уәде етілген, деп хабарлады Тергеу комитеті.

СК РФ мәлімдемесінде бұл қылмысқа қатысы бар басқа адамдар анықталып жатқанын айтты.