×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Генерал Кирилловды Украинадан нұсқау алған Өзбекстан азаматы өлтірген – ТК

Бүгін, 15:49
Генерал Кирилловды Украинадан нұсқау алған Өзбекстан азаматы өлтірген – ТК
Фото: novayagazeta.ru

Ресей Тергеу комитеті мен ФСБ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы Игорь Кирилловтың өліміне күдікті екі адамның «ізін суытпай» ұсталғанын хабарлады. Террорлық актіні орындаушы ретінде 29 жастағы Өзбекстан азаматы танылды, ал құқық қорғау органдары оның тергеу кезіндегі жауаптарының видеосын жариялады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТЕРГЕУ КОМИТЕТІНІҢ НҰСҚАСЫ

Ұйымдастырушылар күдіктілермен мессенджер арқылы байланысқа шыққан және оларды Украина Қауіпсіздік қызметінің өкілімен байланыстырған, деп келтіреді novayagazeta.ru тергеу комитетінің дерегін.

“Осыдан кейін террористік әрекетті орындаушы генералдың үйін бақылау үшін каршеринг қызметінен көлік жалдаған. Кейін қылмыс орнында қалған бұл көлік күдіктілердің ізіне түсуге мүмкіндік берген” делінген комитет хабарламасында.

Тергеу комитетінің дерегінше, көліктен бейнебақылау камерасы табылған, ол подъезд алдында болып жатқан оқиғаны Украинадағы теракт ұйымдастырушыларына трансляциялаған. Орындаушы трансляцияның Днепр қаласына жіберіліп жатқанына сенімді болған.

Күдікті жарылғыш құрылғыны Кирилловтың үйінің алдында тоқтаған электр самокатына орналастырған. Әскери қызметкерлер подъезден шыққан соң, ол құрылғыны қашықтан іске қосқан.

«СЫЙАҚЫ»

«Бұл қылмыс үшін орындаушыға 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы және Еуропа елдерінің біріне қоныс аударуға мүмкіндік уәде етілген», – деп мәлімдеді Тергеу комитеті.

Генерал Игорь Кириллов пен оның көмекшісі 17 желтоқсан күні таңертең Рязан даңғылындағы үйдің алдында болған жарылыстан қаза тапты. Кириллов 54 жаста еді. БАҚ мәліметтері бойынша, ол Украинадағы соғыс басталғаннан бері тылда қаза тапқан алғашқы генерал-лейтенант болды.

Терроризм саласындағы сарапшылар бұл қастандыққа дайындықтың ұзақ уақытты қамтығанын, ал жарылысты кәсіби диверсанттар жасағанын айтады.

Жарылыс үшін жауапкершілікті Украина өз мойнына алған.

Генерал қазасынан кейін сарапшылар Путинге қауіп мәселесін талқылап жатыр.