«Қазақмыс» корпорациясының бірнеше қызметкері газдан уланып қалды. Оқиға кеше, 17 желтоқсанда болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Ұлытау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорнының бірнеше қызметкері 2024 жылғы 17 желтоқсанда «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-на жүгінді.
Ауруханаға жатқызатындай белгілер болмады. Науқастар тұрғылықты жері бойынша әрі қарай емделуге жіберілді, - деп хабарлады ведомство.
БҰҒАН ДЕЙІН...
Еске салсақ, бұған дейін "Қазақмыс" корпорациясының "Жезқазғанцветмет" Оңтүстік Қазақстан филиалының №65 кенішінің қызметкерлері ереуілге шыққан болатын.
250-ден астам кенші алдымен жалақыны 30%, кейін 100% көтеруді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан қысымды тоқтатуды талап еткен.
Алайда "Қазақмыс" ереуілге шыққан жұмысшылардың жалақысын көтеруден бас тартты.