×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға балалар үшін қауіпті ойыншықтар анықталғанын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Комитет Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің міндетті талаптарына сәйкес келмейтін балалар ойыншықтары анықталғанын мәлім етті.

Ведомствоның ақпаратынша, ойыншықтардың 97 пайызы Қытайдан, 3 пайызы ЕАЭО елдерінен әкелінген.

Комитет азаматтарды ойыншықтарды сатып алу кезінде абай болуға шақырады. Күмәнді жерлерден ойыншық алмаған дұрыс, – делінген хабарламада.

АҚПАРАТ БЕРІЛУІ ТИІС

Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес өнім шыққан елдің атауы, ойыншықты қолдана алатын баланың ең төменгі жасы, өндірілген күні міндетті түрде көрсетілуі қажет. Ойыншық туралы барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілуі тиіс.

Таңдау кезінде бояғыштың тұрақтылығын тексеріңіз. Жұмсақ ойыншықтың жиектері өткір болмауы керек, мата тығыз болуы керек және ойыншықтың өткір, жағымсыз бөтен иісі болмауы қажет. 3 жасқа дейінгі балаларға ұсақ бөлекті ойыншық алып бермаген жөн, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, ДСМ Қазақстанда ерлердің денсаулығын жаппай тексеруді қолға алмақ.