×
522.63
548.66
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.63
548.66
5.07

Көктемде Орал маңындағы мыңға тарта саяжайды су басуы мүмкін

Бүгін, 08:20
Көктемде Орал маңындағы мыңға тарта саяжайды су басуы мүмкін
Фото: Мой город

Орал билігі Орал, Шаған және Деркүл өзендерінің жайылымдарында тұратын саяжай тұрғыындарына аймақтарының су тасқыны қаупіне ұшырауы мүмкін екендігі туралы ескерту таратуда. Тұрғындарға 2025 жылдың көктемінде тасқын қайталануы ықтимал екендігі ескертілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі уақытта көптеген адамдар "Речник", "Венера", "Волна", "Орбита", "Зенит" және "Самал" саяжай массивтерінде тұруда, өйткені бұл олардың жалғыз баспанасы, деп жазады Мой город басылымы.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, 40-тан астам саяжай массиві тексеріліп, 900 үйде адамдардың қыстап қалғаны анықталған. Қазірдің өзінде 350 отбасыға су тасқыны қаупі туралы хабарламалар берілді, ал 2025 жылдың қаңтарына дейін барлық тұрғындарды хабардар ету жоспарланып отыр.

– Баршаға мәлім, су тасқынынан үйлері зардап шеккен саяжайшылар жаңа баспана алды. Қазіргі уақытта саяжайларда тұратын адамдар саны едәуір азайды. Алайда комиссияның оң қорытындысын ала алмағандар саяжай қауымдастықтарында тұруды жалғастыруда. Қазір олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және ескертулер таратылуда. Барлығы 43 саяжай қауымдастығындағы 350 тұрғынға ескерту берілді. Бұл жұмыс көктемге дейін жалғасады, – деген Дүйсенғалиев.

2024 жылғы су тасқынынан кейін оралдықтар шығынды өтеу үшін шамамен 11 мың өтініш берген.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ

Еске салайық, биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын тасқындардың бірі болды. Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Ел бойынша 19 мыңнан астам тұрғын үй қирады.

Су тасқынымен күреске 63 мыңнан астам күш құрылымдарының қызметкері қатысты.

Құтқару операциялары барысында 120 мыңнан астам адам, соның ішінде 40 мың бала эвакуацияланды.