×
522.63
548.66
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.63
548.66
5.07

Полиция Шерзатқа рэп арнаған әншінің үстінен әкімшілік іс қозғады

Бүгін, 13:00
Полиция Шерзатқа рэп арнаған әншінің үстінен әкімшілік іс қозғады
Ulysmedia коллажы

Рэпер Кәрім Асылбеков бұл жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

– Жаңа ғана полициядан шықтым. Хаттама міне, Мен Шерзат, Талғар жайлы реп айтқан едім. Әкімшілік хаттама толтырды, – дейді рэпер.

Хаттаманы оқыған рэпердің өзі онда “Кәрім Асылбеков Талдықорғандағы облыс әкімдігі алдында тұрып, былапыт сөзі бар тректі айтқан. Солай әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген” деп жазылған. Полиция әншінің үстінен “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған.

Бұған дейін адвокат Асқар Қаймақов полиция Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық кодекстің 202-бабы (“бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлім еткен. Ақпаратты кейін полиция растады.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.