×
522.63
548.66
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.63
548.66
5.07

Ақтауда әкімдік ғимараты жанында өзін өртеген ер адам қайтыс болды

Ақтауда әкімдік ғимараты жанында өзін өртеген ер адам қайтыс болды
Фото: Lada.kz

Ақтауда облыстық әкімдік алдында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Ақпаратты облыстық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Руслан Бекібаев растады. 

Оның айтуынша, тұрғын 17 желтоқсан күні таңғы сағат 9-да қайтыс болған. Ол 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. 

Денесінде  98% термиялық күйік болды. Біз ол ауырсынуды сезінбеу үшін дәрі-дәрмекпен ұйықтаттық. Бірақ содан кейін оның қан қысымы төмендеп, күйіктен шок алып, қайтыс болды, – деді Бекібаев.

БҰҒАН ДЕЙІН...

Еске сала кетейік, 5 желтоқсан күні Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген еді. Облыстық ішкі саясат басқармасының ақпаратына сәйкес, ер адам өңір басшысымен кездесе алмаған.

Сондай-ақ бұған дейін оның Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылғанын, жағдайы ауыр екенін жазған едік.