Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-де қолға түсіп, Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
“20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен халықаралық іздеуге жарияланған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді. 2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған”, деп жазды Рolisia.kz.
Осы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады.
Ұсталған адам қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды.