Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанайдағы жедел жәрдем бригадасының фельдшері Әнел Баймурзинаның қызмет барысында соққыға жығылу оқиғасына қатысыты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдіріп, жағдайды жеке бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министр Баймурзинаның өзінің тезірек сауығып кетуін тілеп, отбасына да қолдау білдіретінін жеткізген.
“Жақында біз тағы да Қостанайдағы жедел жәрдем бригадасының фельдшерлеріне шабуыл жасау фактісіне тап болдық. Шақыртуға келген шұғыл қызметтің жас қызметкері Әнел Баймурзинаның өзі ұрып-соғу салдарынан алған көптеген жарақаттарымен стационарға келіп түсті. Мен Әнел Баймурзинаның отбасына жеке қолдауымды білдіре отырып, оған тезірек сауығып кетуін тілеймін және бұл жағдайды назардан тыс қалдырмайтынымызды хабарлаймын.”, деді Денсаулық сақтау министрі.
Министрдің айтуынша жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстанда қызметтік міндеттерін атқару кезінде 158 медицина қызметкері зардап шеккен. Оның ішінде:
“Осыған байланысты, депутаттардың қолдауымен біз медицина қызметкерлерінің қызметтік борышын орындауы барысында оларға жасалған зорлық-зомбылық әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуге бастамашылық жасадық. Мұндай қылмыстар еркіндікті шектеуге және бүкіл қоғамның айыптауына дейінгі әділ жаза алуы тиіс”, деп есептейді ведомство басшысы.
Министр Әлназарова нақты дабыл қағуымыз керектігін айтып, медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылыққа жол берілмейді және жазаланатын болады деген пікірін жеткізді.
Еске сала кетсек, жуырда Қостанайдағы жедел жәрдем бригадасының фельдшері Анель Баймурзинаға шақырту кезінде науқастың туыстары шабуыл жасап, оған дене жарақатын салған.