×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

Щучинск кафесіндегі жарылыс: 12 адамның өліміне кінәлілер сотталды

Бүгін, 15:01
Щучинск кафесіндегі жарылыс: 12 адамның өліміне кінәлілер сотталды
Ulysmedia

Бурабай аудандық соты Щучинскідегі «Центр плова Loft» кафесінде болған жарылыс пен өртке қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкім

Сот шешімімен үш сотталушы нақты бас бостандығынан айырылды.

Кафе жалға алушысы 7 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтегеннен кейін қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Автогаз құю станциясының директоры да 7 жылға сотталды.

Ал газ баллондарын жеткізушіге 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын да ішінара қанағаттандырды. Тағайындалған өтемақы көлемі 1 миллионнан 4 миллион теңгеге дейін болды.

Оқиға қалай болып еді?

Еске салайық, қайғылы оқиға 2026 жылғы 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Кафеде газ баллоны жарылып, артынша өрт шыққан.

Салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алды.

Іс материалдарына қарағанда, жарылысқа ас үй аймағының дәлізінде тұрған газ баллонының қабырғасы бұзылып, газдың сыртқа шығуы себеп болған. Ғимарат ішінде жарылғыш газ-ауа қоспасы жиналып, кейін жарылыс пен өрт болған.