×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Қазақстан депутаттары жаңажылдық корпоратив өткізбейді

Бүгін, 11:15
Қазақстан депутаттары жаңажылдық корпоратив өткізбейді
Ulysmedia.kz / жасанды интеллект

Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттар корпоративке жиналмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Д.Мұқаев сондай-ақ әлеуметтік желіде жазылушыларын келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Жыл аяқталып келеді. Әрбір отбасыда қуаныш, шаттық, береке болсын! Қайғы көрмеңіздер. Осы ретте сіздерге бір шағын құпияны айтайын, депутаттардың арасында арнайы корпоративтік кеш өтпейді. Оған тыйым салынған», - деді ол.

Дегенмен депутат корпоративтік шараларға өзін түрлі компаниялардың жыл сайын шақырып тұратынын жасырмады. Бұл жолы құрылыс компаниясының жаңажылдық кешіне бара жатқанын айтты. 

Еске сала кетсек, көпшіліктің сұрауына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 31 желтоқсанды ресми демалыс қатарына қосу орынсыз екенін мәлімдеді.