×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстандықтар 6 млрд теңгесін инвестициялық басқаруға берді

17.12.2021, 14:38

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару ісі бойынша соңғы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Деректерге сүйенсек, 16 желтоқсанға дейін елде 5545 адам зейнетақы жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға өтініш берген. Олардың ішінде 1418 өтініш қанағаттандырылмаса, 3337 адамның өтініші қабылданған. Инвестицияға салған қазақстандықтардың көбі «Jusan Invest» компаниясын таңдаған.

Инвестициялық басқаруға зейнетақының бір бөлігін бергендердің ішінде көш басында алматылықтар (1192 адам), нұрсұлтандықтар (853 адам) мен маңғыстаулықтар (180 адам) тұр. Ал Түркістан облысында инвестициялық басқаруға бар-жоғы 1 адамның өтініші мақұлданған.

Серіктес жаңалықтары