×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түстеріне боялды

17.12.2021, 19:37
Ниагара сарқырамасы Қазақстан туының түстеріне боялды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әлем елдеріндегі көрнекі орындар қазақстан туының түстерімен жарықтандырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан туының түстерімен боялған шетелдегі әйгілі ғимараттар мен аттракциондардың қатарында Канададағы Ниагара сарқырамасы, Сибелес субұрқағы (Испания), Таллин (Эстония) орталығындағы Бостандық алаңындағы ғимарат, Лондондағы (Ұлыбритания) Қазақстан Республикасының Елшілігінің ғимараты, Эр-Риядтағы Kingdom Tower (Сауд Арабиясы), Дохадағы (Катар) «Шератон» қонақ үйі, Мехикодағы Революция монументі мен Тәуелсіздік бағанасы( Мексика) бар.

Американың Нью-Йорк, Филадельфия, Хьюстон, Гонолулу, Балтимор және Тампа қалаларының алаңдарында Қазақстанның туын көтерудің салтанатты рәсімдері өтіп, Сан-Франциско мэриясының ғимараты Қазақстан туының түстерімен жарықтандырылды.