×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Елдің бірнеше өңірінде күн күрт суытады

10.09.2026, 09:00
Елдің бірнеше өңірінде күн күрт суытады
Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстандағы алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

 Толығырақ

10 қыркүйек, бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Алдағы күндері солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +13…+23 °С-қа дейін төмендейді. Орталық аймақтарда +15…+25 °С шамасында болады.

Ал батыс өңірлерде циклон өткеннен кейін жауын-шашын басылып, ауа біртіндеп +20…+28 °С-қа дейін жылынады.

Қазақстанның оңтүстігінде жазғы жылы ауа райы сақталады. Ал оңтүстік-шығыста 12 қыркүйекте жаңбыр жауады.