Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаментінің «Киберпол» тобымен бірлесіп, заңсыз sim-box құрылғысын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел іс-шаралар барысында көршілес елдің азаматы ұсталды.
Оның айтуынша, ол Тelegram арқылы жұмыс тауып, Алматыға осы жабдықты ала келген.
Айта кетейік, күдіктінің осыған ұқсас жағдай бойынша Атырауда жүргізіліп жатқан іске қатысы бары анықталды.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін прокуратураның келісімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.