Қазақстан 89,9 млрд теңгеге бағаланған 70 ірі активтерін қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Олардың қатарында қонақүй кешені, әкімшілік ғимараттар, бизнестегі үлес, қымбат әшекейлер мен көліктер бар. Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның хабарлауынша, компанияның балансына жалпы сомасы 89,9 млрд теңгеге 70 актив берілді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АКТИВТЕР
Бұл сомаға түрлі жылжымайтын мүліктер мен активтер, оның ішінде 2,8 млрд теңгенің зергерлік бұйымдары кіреді. Берілген активтерге: тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, «Думан» қонақ үй кешені, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері (Жаркент су, Тұлпар), өндірістік база, асхана, жанар-жағармай құю станциясы, жер телімдері, аяқталмаған құрылыс және т.б.
Айта кетерлігі, Forbes мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың мамырында Дариға Назарбаева сол кезде Астанадағы «Думан» қонақ үй кешенін басқарған «A-Service Management» ЖШС-нің үлесіне ие болған «DLS Group Holding Company» ЖШС-нің иесі болған.
ШЕТЕЛДЕГІ АКТИВТЕР
САТЫЛҒАН АКТИВТЕР
Бұл активтердің екі көлігі БАӘ-де, сондай-ақ Түркияда екі тұрғын үй мен бір пәтер сатылған.
БАӘ-дегі екі вилла, сондай-ақ Ресей мен Франциядағы жылжымайтын мүлік әлі де сатылуда.
Қазақстанда Астанадағы екі қабатты тұрғын үй, әкімшілік ғимарат, жер телімі және Алматыдағы «Орион» бизнес орталығы сатылып кетті.
САТЫЛМАҒАН НЕ ҚАЛДЫ
Жалпы, компания қазір жалпы сомасы 9,1 млрд теңгеге 11 активті, оның ішінде 5 жер телімін сатуда.
2024 жылдың 23 шілдесінен бастап 12,6 млрд теңгенің активтері сатылды. Қазақстан бойынша жалпы сату көлемі 8,2 млрд теңгені, шетелдік активтерді сату – 4,4 млрд теңгені құрады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі шаралар тізбесі белгіленген еді.
Сондай-ақ қазақты жылдар бойы тонаған 500 адамның тізімі жасалды.