×
515.89
536.32
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.89
536.32
5.17

Қазақ жеріне АЭС-ті кімдер салатыны қашан айтылады

Бүгін, 02:14
Қазақ жеріне АЭС-ті кімдер салатыны қашан айтылады
Ulysmedia коллажы

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда Атом электр стансасын салу ісі кімдерге сеніп тапсырылатыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Министрдің айтуынша, АЭС-ті салатын консорциум қатысушылары 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталмақ.

– Бастапқыда келесі жылы АЭС құрылысына қатысушыларды анықтаудың соңғы форматы туралы шешім қабылданады деп жоспарланған. Президенттің соңғы тапсырмасына сәйкес, комиссия бұл жұмысты жеделдетіп, жақын арада тиісті шешім қабылдайды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қатысушыларды таңдау бойынша шешім шығады, – деді энергетика министрі А.Сәтқалиев.

Министр атом электр станциясын салу өте ұзақ процесс екенін де жасырмады.

– Жобалау жұмыстарының өзі 3 жылға, ал құрылыс 8-14 жылға дейін созылады,– деді Сәтқалиев.

Бұған дейінпрезидент Қ.Тоқаев Ақордадағы қабылдауда Сәтқалиевке Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетуді тапсырған.