×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Дикий Арманның ісі: прокуратура тағы бір іс қозғады

26.12.2024, 11:08
Дикий Арманның ісі: прокуратура тағы бір іс қозғады
Ulysmedia коллажы

Алматы прокуратурасы Арман Жұмагелдиевтің жабық сот процесіндегі материалдар қалай жарияланып кеткенін тергей бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде сот процесіне байланысты материалдар пайда болған. Бұған құқық қорғау органдары назарын аударған. Прокуратура мұндай деректер көпшілікке таратылмауы керектігін атап көрсетеді.

– Алматы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының іс жүргізуінде қылмыстық кодекстің 423-бабы бойынша (сотқа дейінгі іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы деректерін жария ету) қылмыстық істер тергеліп жатыр, - делінген прокурараның Ulysmedia.kz редакциясына жолдаған жауабында.

Істер бойынша нақты кім және қанша күдікті бары туралы ақпарат ашылған жоқ. Кінәлі деп танылған жағдайда сотталушыға 7 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Былтыр 21 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын-ала тыңдау аяқталған

«Дикий Арман» лақап атымен танылған криминал авторитет Арман Жұмагелдиев 2022 жылы 7 қаңтарда ұсталған. Сол жылы сәуірде кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталған болатын.