×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Маңғыстау жұртшылығы Әзербайжан халқына көңіл айтты

Бүгін, 15:49
Маңғыстау жұртшылығы Әзербайжан халқына көңіл айтты
Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев пен Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығына барып, ұшақ апатынан қаза тапқан әзірбайжандықтардың рухына арнап гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшылары апатта қаза тапқандардың жақындарын сабырға шақырып, Әзербайжан жұртына амандық тілей отырып, қайғыларына ортақтасты. 

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов көңіл айту кітабына Әзербайжан халқына арнаған қолдау лебізін білдіріп, жазба қалдырды.

Сондай-ақ, консулдық ғимаратына бауырлас халықтың қайғысын бөлісу үшін Ассамблея мүшелері мен түрлі сала өкілдері, ел ағалары, жастар және Ақтау қаласының тұрғындары ағылып келуде.

Айта кетейік, ел Үкіметі тарапынан зардап шеккен жандар мен қаза тапқан азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетілуде. 

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.