×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Құрық портында Әзербайжан еліне көңіл білдіру рәсімі өтті

26.12.2024, 18:25
Құрық портында Әзербайжан еліне көңіл білдіру рәсімі өтті

Құрық портындағы Әзірбайжан Республикасының «Zarifa Aliyeva» паромында «Құрық Порт» ЖШС-нің  директоры Серік Ахметов және мекеме қызметкерлері, аудан әкімдігінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері көршілес елге Ақтау қаласы маңында орын алған қаралы хабарға көңіл білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Құрметті, Әзербайжан халқы, сіздерге ауыр қайғыларыңызға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз. Бұл қайғылы оқиға бүкіл аймаққа терең әсер етті. Біз сіздермен бірге қайғырып, бұл қиын сәтте сабыр мен төзімділік тілейміз. Алла Тағала қаза болғандарға бейбітшілік пен тыныштық, ал туған-туыстарына күш-қуат берсін. Сіздермен бірге екенімізді, сіздердің қайғыңызға ортақ екенімізді біліңіздер,- деді Құрық портының бас директоры Серік Ахметов.

Паром капитаны Тахмирас Исмаилов өз алғысын білдіріп, қазақ еліне шын жүректен риза екенін, осындай сәтте қол ұшын беріп, демеп жатқандарына өз алғысын білдірді.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.