×
515.25
535.91
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.25
535.91
5.18

«2025 жылы Украина-Ресей соғысы аяқтала ма» – Путиннің жауабы

26.12.2024, 22:45
«2025 жылы Украина-Ресей соғысы аяқтала ма» – Путиннің жауабы
Фото: REUTERS

Ресей президенті Владимир Путин журналистермен болған брифинг кезінде соғыстың қашан аяқталатынына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистердің бірі Путинен “Өзінің неге сенесіз, жалпы 2025 жылы соғыс аяқталатынына сенесіз бе? деген сұраған. 

“Құдайға сенемін. Ал Құдай бізбен бірге”, деді Путин.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда көрші әрі бауырлас мемлекет – Украинаға басып кірген. Президент Владимир Путин кейінгі кезге дейін басқыншылықты “арнайы операция” деп атап, ондағы мақсаты орыс тілді азаматтардың құқығын қорғау екенін айтудан танбады. Түрлі сарапшылар шын мәнінде Путинге Украинаның өркениетті Еуропаға қарай бой түзеп, Еуро Одаққа, НАТО-ға қосылуды жоспарлау арқылы өзінің ықпалынан сусып бара жатқаны ұнамағанын айтады.

ПУТИННІҢ МАҚСАТЫ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің басты мақсаты – Донецк пен Луганск облыстарынан тұратын Донбасты толығымен басып алу және Украинаның Курск облысындағы әскерлерін ығыстыру екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Путиннің Украина бойынша “бейбіт” жоспары елді үш бөлікке бөліп, оккупацияны жалғастыруды көздейтіні хабарланған.