×
515.25
535.91
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.25
535.91
5.18

Ұшақ апаты: Қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қандай көмек көрсетіледі

Бүгін, 01:47
Ұшақ апаты: Қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қандай көмек көрсетіледі
interfax.ru

26 желтоқсанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов ӨКҚ баспасөз мәслихатында Әзербайжан ұшағы апатында қаза тапқан қазақстандық жолаушылардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аясында асыраушысынан айрылу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданды. Жергілікті құрылым желісі бойынша демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасаймыз. Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазір оның мөлшері анықталады. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылады, – деді Ақмәди Сарбасов Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, асыраушысынан айырылғандарға 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. 

Ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 257 мың теңге төлем жасалады.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.