×
$
447.8
516.76
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.8
516.76
5.3

Асхат Оралов Астанаға оралды: оған «Әділеттен» орын бұйырды

Бүгін, 11:00
Асхат Оралов Астанаға оралды: оған «Әділеттен» орын бұйырды
adilet-partiyasy.kz

Асхат Оралов Астанаға оралды. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде бір жыл жұмыс істеген Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Асхат Оралов партиялық жұмысқа қайта оралды

Асхат Оралов «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Партияда ол жұмысты бақылау, талдау және бағалау бағыттарына жауап береді.

Ол үшін партиялық жұмыс жаңалық емес. Әр жылдары Оралов «Жас Отан» және «Нұр Отан» құрылымдарында еңбек еткен. 2022 жылы партияның атқарушы хатшысы болды. 2023 жылы мәдениет және спорт министрі қызметін атқарып, кейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Былтыр қыркүйекте өңірге облыс әкімінің бірінші орынбасары болып ауысты.

Асхат Оралов 36 жаста. Павлодар облысының Ақсу қаласында туған. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Философия докторы ғылыми дәрежесі бар.

Контекст

Асхат Ораловпен бірге «Әділет» партиясы төрағасының орынбасарлары болып Нұрсұлтан Байтілесов пен Эльлдар Жұмағазиев тағайындалды. Байтілесов құқықтық және заңнамалық бағытқа жауап береді. Ал Жұмағазиев экономика, өңірлер және жекелеген салаларды дамыту мәселелерімен айналысады.