×
515.25
535.91
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.25
535.91
5.18

Ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі

27.12.2024, 15:42
Ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі
interfax.ru

Ulysmedia.kz тілшісінің бұл сұрағына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағанбетов жауап берді.

ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ӨКІЛІ НЕ ДЕЙДІ

Асқар Аймағанбетовтың айтуынша, қаза болғандардың отбасылардың ішінде балалы отбасылар да бар.

– Бүгінгі таңда балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың арасында – отбасында асыраушысынан айырылуына байланысты екі түрлі көмек беріледі. Біріншісі – асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы. Мысалы, алты бала болса, ай сайын 130 мың теңгеден астам төлемді ай сайын алып отырады. Қосымша егер асыраушысы айырылған отбасы әлеуметтік кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болса, оның жалақысының көлемінен әлеуметтік аударымдар аударылуына байланысты коефицентіне байланысты беріледі, – дейді ол.

Марқұмдардың қайтыс болуына байланысты жергілікті атқарушы органдардан бір мезгілдік көмек көрсетіледі. 

Кеше вице-премьер Қанат Бозымбаев әр отбасы шамамен 5 млн теңгеден алатынын хабарлаған еді.

Ұшақ апатынан Қазақстанның алты азаматы көз жұмған.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.