×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Димаш Дубайдағы Бурдж-Халифаның жанынан мейрамхана ашпақ

18.12.2021, 17:37
Фото: Ашық дереккөзден

Әнші Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында Дубайда мейрамхана ашатынын жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Достар, Дубайда жақында менің жаңа кәсіп мекемем ашылады. 2022 жылдың 15 наурызында Бурдж-Халифа зәулім ғимаратына қарама-қарсы орналасқан Address Boulevard отеліндегі орын дубайлық жұрттың көңілінен шығар деген үміттеміз. Жоба DQ Show & Gastronomy деп аталады. Бұл театрлық шоу мен жоғары сапалы ас үй тамағының үйлесімі болады», - деп жазды ол.

Оның хабарлауынша, екі жарым мың шаршы метрлік орын 300-ін кәсіби сахнадан тұрады.

«Бұл сахнада жоғары деңгейдегі әртістер өнерін көрсетеді. Дубайдың адам тартатын ортасындағы мейрамханада керемет театр шоуына және түрлі талғамға арналған асқа баса мән беріледі. all-inclusive форматы кулинарлық шедеврден ләззат алуға мүмкіндік береді. Ас түрінің кеңдігі сонша, ең кірпияз мейман өз талғамына қарай ас іше алады. Еттің түр-түрі, теңіз өнімдері мен премиум класс санатындағы сусындар беріледі. DQ Show & Gastronomy! Билет алу үшін мұнда өзіндік жүйе де қалыптасқан. Бір уақытта оған 300 адам сияды. Әр айда мұнда әлем жұлдыздарының қатысуымен кеш өтеді», - дейді Димаш Құдайберген.

Серіктес жаңалықтары