×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Мозамбикте ереуіл кезінде 130-дан астам адам қаза тапты

28.12.2024, 00:12
Мозамбикте ереуіл кезінде 130-дан астам адам қаза тапты
afrinz.ru

Оппозициялық "Decide" үкіметтік емес ұйымының өкілдері апта басынан бері Мозамбикте өтіп жатқан үкіметке қарсы шерулерде кем дегенде 134 адам қаза тапқанын хабарлады. Осылайша 24 қазанда басталған тәртіпсіздіктердің құрбандары саны 261-ге жетіп, 573 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы lusa.pt басылымы хабарлады.

Португалиялық басылымның жазуынша, өткен аптада елде 161 адам ұсталған. Қазан айында басталған шерулерден бері ұсталғандар саны 4199-ға жеткен.

Шетелдік ақпарат құралдары да оппозиция арандатқан тәртіпсіздіктер Мозамбикте бейберекеттік пен біраз дүниенің қирауына әкелгенін жазады. Наразылық шаралары кезінде ереуілшілер жолдарды жауып, өртенген дөңгелектерден тосқауылдар жасап, қоғамдық және жекенің мүлкін қиратқан.

“Елдің оңтүстігінде орналасқан астана мен Мозамбиктің орталық және солтүстік аймақтары арасындағы байланыс үзілген. Басылымның хабарлауынша, ел астанасы Мапутода жанармай тапшылығы байқалып отыр. Орталық аурухана өз жұмысында үлкен қиындықтарға да тап болған”, деп жазды lusa.pt.

23 желтоқсанда Мозамбиктің Конституциялық кеңесі 9 қазанда өткен жалпы президенттік және парламенттік сайлауда Даниэль Чапу мен билеуші ​​Фрелимо партиясының жеңіске жеткенін растады. Оппозицияның негізгі кандидаты Венансио Мондлейн, сондай-ақ «Ренамо» партиясының жетекшісі Осуфу Момади билікті алаяқтық жасады деп айыптап, дауыс беру нәтижелерін мойындаудан бас тартты. Сөйтіп, олар өз жақтастарын наразылық акцияларын өткізуге шақырды.