×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Шілде – жылдың ең ыстық айы: Қазақстанда ауа температурасы +50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Бүгін, 16:55
Шілде – жылдың ең ыстық айы: Қазақстанда ауа температурасы +50 градусқа дейін жетуі мүмкін
Фото: Ашық дереккөзден

Шілде айында Қазақстанның басым бөлігінде жыл ішіндегі ең жоғары ауа температурасы тіркеледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК көпжылдық бақылауларға негізделген климаттық шолуында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Синоптиктердің мәліметінше, шілдеде күн ұзақтығы біртіндеп қысқара бастағанымен, ауа температурасы жыл ішіндегі ең жоғары деңгейге жетеді.

Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде орташа айлық ауа температурасы +18...+23 градус, ал Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында +14...+16 градусшамасында болады. Оңтүстікке қарай температура біртіндеп көтеріліп, +28...+30 градусқадейін жетеді.

Солтүстік облыстарда ай ішінде орташа тәуліктік температурасы +20...+25 градустан жоғарыболатын 15-20 күн, ал оңтүстіктің жазық бөлігінде 25-30 күнкүтіледі.

Шілде айында тәуліктік температура айырмашылығы да айтарлықтай болады. Оңтүстікте күндізгі және түнгі температура айырмасы 16-19 градусқа, солтүстік өңірлер мен оңтүстік-шығыстың тау бөктерінде 12-15 градусқадейін жетеді. Ал биік таулы аймақтарда бұл көрсеткіш 10 градустан төменболуы мүмкін.

Көпжылдық деректерге сәйкес, абсолюттік ең жоғары температура солтүстік және шығыс облыстарда +42...+43 градусқа, батыс, орталық және оңтүстік-шығыста +47...+48 градусқа, ал оңтүстік өңірлерде +49...+50 градусқадейін көтеріледі.

Мұндай аптап ыстық солтүстік пен шығыста орта есеппен он жылда екі рет, оңтүстік облыстарда он жылда 7-8 ретқайталанса, еліміздің ең оңтүстігінде жыл сайын байқалуы мүмкін.

Сонымен қатар шілдеде ауа райының салқындауы да жоққа шығарылмайды. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі температура 0...+5 градусқа, қалған аумақта +7...+12 градусқадейін төмендеуі ықтимал. Кейбір жылдары Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында шілде айында -1...-4 градусқа дейін үсіктіркелген.

Жауын-шашынға келсек, шілдеде оның ең көп мөлшері елдің солтүстік бөлігінде түседі. Бұл өңірлерде айлық норма 45-83 мм, ал шығыс өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 86-182 ммболады.

Оңтүстікке қарай жауын-шашын көлемі азаяды. Оңтүстік өңірлердің басым бөлігінде айлық жауын-шашын мөлшері небәрі 1-12 мм, кей жерлерде 14-24 ммшамасында болады. Ал оңтүстік-шығыстың тау бөктерінде 26-54 мм, таулы аймақтарында 60-160 мм, кей жағдайларда 250 мм-ден де көпжауын-шашын түсуі мүмкін.

Синоптиктердің айтуынша, шілде айындағы жаңбыр көбіне нөсер түрінде жауады. Кейбір жағдайларда бір тәуліктің ішінде бір айлық жауын-шашын нормасы немесе одан да көп мөлшер түсуі ықтимал.

Орта есеппен солтүстік облыстар мен шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде айына 8-15 жаңбырлы күн, кей жылдары 18-23 күнге дейін, ал таулы аймақтарда 20-26 күнге дейінжаңбыр жауады. Шөлейт өңірлерде жаңбырлы күндер саны 1-4 күн, ал ылғалды жылдары 5-7 күнгедейін жетеді.

Көпжылдық бақылаулар бойынша, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейдің 30 пайызынан төменболатын құрғақшылық солтүстік өңірлерде орта есеппен он жылда бір рет, ал шөлді аймақтарда он жылда 4-6 ретқайталанады.

Шілде айында найзағай да жиі байқалады. Таулы өңірлерде айына 8-12 күн, солтүстік облыстарда 6-8 күн, батыс өңірлерде 5-6 күн, ал шөлейт аумақтарда 1-2 күннайзағай ойнайды.

Бұршақ негізінен жергілікті сипатта жауады. Ол көбіне еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда кездеседі. Бұл өңірлерде бұршақ он жылда 6-9 реттіркелсе, Іле Алатауының солтүстік беткейінде жаз мезгілінде айына 1-3 ретке дейін бұршақ жаууы мүмкін.