×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

«Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресей кінәлі» – Зеленский

28.12.2024, 10:57
«Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресей кінәлі» – Зеленский
Фото: Алина Смутко / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты жазба жариялап, қайғылы оқиғаға Ресей жауап беруі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жазба үш тілде – ағылшын, украин және әзербайжан тілдерінде жарияланды.

«Әзербайжан әуе жолдары рейсінің жантүршігерлік апатына қатысты небір мәліметтер шығып жатыр. Мен Әлиевке және Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Әрбір адамның өмірі құнды және әрқайсысының өлімі апаттың ақиқатына жету үшін жан-жақты зерттеуге лайық. Біз апат орнынан Ресейдің қайғылы оқиғаға жауапты екенін көрсететін айқын дәлелдерді көріп отырмыз», деп жазды Зеленский.

Ол 2014 жылы Донецк көгінде малайзиялық Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырағанын еске алды.

«Егер Ресей MH17 ұшағының апатынан басын алып қашқаны сияқты өтірік айтуды жөн көрсе, онда біз шындыққа жету және Мәскеуге жауапкершілікті мойнына алдыру үшін барлық халықаралық қысымды бір арнаға тоғыстыруымыз керек», – деп мәлімдеді Украина басшысы.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын Әуе көлігі федералдық агенттігінің басшысы Дмитрий Ядров украиналық ұшқышсыз ұшақтардың шабуылына байланысты ұшақ апатқа ұшыраған күні Грозный мен Владикавказда арнайы жабық аспан режимі енгізілгенін айтқан болатын.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.