Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының тұрғыны 1998 жылы Мойынқұм даласында әйгілі Формула-1 жарысушысы, жеті дүркін әлем чемпионы Махаэль Шумахерді УАЗ көлігімен тасығаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ТикТок желісінде Алексей Евгеньевич есімді қолданушы видео жариялады.
“Бұл сонау 1998 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм жерінде болған оқиға. Мен оны УАЗ-икпен 7 күн алып жүрдім”, дейді Шумахерді тасыған есімі белгісіз азамат.
Ал қасындағы дос-жарандарының бірі оның сол кезде көлік жүргізуге құқық беретін құжатының болмағанын айтып, таңғалды.
“Кейін мен оның көлік жүргізу куәлігінің жоқ екенін және мүлдем болмағанын кездейсоқ біліп, жағамды ұстадым. Кеңес заманында 30 жыл бойы куәліксіз көлік жүргізіп жүр. Бұл қалай болғаны? Көлікті тәп-тәуір жүргізеді. Тіпті Шумахердің өзі рульді сеніп тапсырған. Сосын мен директорға өтінішпен шығып, колледжге түсірдік. Алайда куәлік алды ма, жоқ па, хабарым жоқ. Бірақ Шумахерді куәліксіз ары-бері тасығаны анық”, дейді видеодағы кейіпкерлердің бірі.
Еске сала кетсек, неміс Михаэль Шумахер Формула-1 жарысушысы ретінде жеті дүркін әлем чемпионы атанып, Формула-1 жарысының көптеген рекордын орнатып, жаңғыртқан жұлдыз.
@fermertok Михаэль Шумахер (Michael Schumacher) в Казахстане. Кто знал? #schumacher #шумахер #охотник #охотники #казахстан ♬ оригинальный звук - Алексей Евгеньевич