×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Ақтаудағы ұшақ апаты: Әлиев апаттың басты себебін айтты

29.12.2024, 17:52
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әлиев апаттың басты себебін айтты
Ашық дереккөзден

Әзербайжан президент Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы болған Azerbaijan Airlines ұшағы апатының негізгі себептерінің бірі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz minval.az-ға сілтеме жасап.

И.Әлиев бұл туралы Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Әрине, соңғы нұсқа қара жәшіктерді ашқаннан кейін белгілі болады. Бірақ бастапқы нұсқалары да жеткілікті әрі деректерге негізделген. Әзербайжанның азаматтық ұшағына Ресей аумағында, Грозный қаласының маңында зақым келіп, ол басқаруын жоғалтты. Сондай-ақ біздің ұшақтың радиоэлектрон арқылы басқарылмайтын күйге түскенін білеміз. Бұл – ұшаққа келтірілген алғашқы зиян", – деді И.Әлиев.

Әзербайжан президенті сондай-ақ жерден болған шабуылдың салдарынан ұшақтың артқы бөлігі қатты бүлінгенін атап өтті.

Еске сала кетсек, осы сұхбат барысында Әлиев Ресей Әзербайжан халқынан кешірім сұрап, өз кінәсін мойындап, өтемақы төлеуі керектігін айтқан еді. 

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазған.

Ресей президенті өз бастамасымен Әлиевке қоңырау шалып, Әзербайжан басшысынан кешірім сұраған.