×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қазақстандықтар SCAT әуе компаниясынан Ресейге рейстерді тоқтата тұруды сұрайды

30.12.2024, 11:27
Қазақстандықтар SCAT әуе компаниясынан Ресейге рейстерді тоқтата тұруды сұрайды
Владимир Денисов/Ulysmedia коллажы

Қоғам өкілдері SCAT әуе компаниясының басшысы Владимир Денисовтан Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерін уақытша тоқтата тұру мүмкіндігін қарастыру жөнінде "шұғыл өтінішпен" жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бұл үндеу соңғы оқиғаларға байланысты ұшу қауіпсіздігіне қатысты алаңдаудан туындап отыр, – делінген "Демос" ҚБ басшысы Тұрарбек Құсайыновтың қоғам атынан жазған үндеуінде. 

Израильдің "Эль-Аль" әуе компаниясы 26 желтоқсанда "Ресейдің әуе кеңістігіндегі жағдайға байланысты" Тель-Авивтен Мәскеуге және кері қайтуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданған. 

– Мұндай шешім Ресейдің әуе кеңістігінде Әзербайжан ұшағын Ресей әуе қорғанысымен атып түсіруге байланысты оқиғадан кейін қабылданды. Осы жағдайды ескере отырып, тәуекелдерді жан-жақты талдап, қауіпсіздік кепілдіктерін алғанға дейін Ресейге рейстерді уақытша тоқтатуды ұсынамыз, - делінген хабарламада.

РЕСЕЙГЕ РЕЙСТЕРДІ ТОҚТАТУ  

Бұған дейін QAZAQ AIR әуе компаниясы "қауіпсіздік мақсатында" Астанадан Екатеринбургке рейстерді 2025 жылдың 27 қаңтарына дейін тоқтатқан болатын.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясы Ресейдің 10 қаласына рейстерді тоқтатты.

"Түрікменстан" әуе компаниясы Ашхабад пен Мәскеу арасында ұшақ ұшырмайтын болды.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазған.

Ресей президенті өз бастамасымен Әлиевке қоңырау шалып, Әзербайжан басшысынан кешірім сұраған.