«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары мерекеге орай қалай істейтінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Корпорациясы мәліметінше, 1 және 3 қаңтар аралығында Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейді. Ал 4 қаңтар, яғни сенбі, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні.
Азаматтарды қабылдау 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асады.
5 және 6 қаңтар күні елдің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады. 7 қаңтар күні православиелік Рождество тойланатындықтан, бұл күн ХҚКО мен МХҚКО үшін демалыс.
Өалыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.