Ресей президенті Владимир Путин бірқатар мемлекеттердің басшыларын Рождествомен және келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Олардың арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елдің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айта кетейік, Кремль сайтындағы хат Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевті құттықтаудан басталады. Одан кейін Армения президенті және премьер-министрі Ваагн Хачатурян мен Никол Пашинян тұр. Одан кейін Орталық Азия елдерінің басшылары - Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Эмомали Рахмонов, Сердар Бердімұхамедов, Шавкат Мирзиеевке де құттықтау жолданған. Бұдан кейін Боливия, Бразилия, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Үндістан, Қытай, КХДР, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Никарагуа, Сербия, Түркия, Эфиопия және Оңтүстік Африка президенттері айтылды.
Aл тізімнің ең соңында:
Сонымен қатар, құттықтау жеделхаттары бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтердің бұрынғы басшыларына, атап айтқанда Рауль Кастро, Роберт Кочарян, Нұрсұлтан Назарбаев, Серж Саргсян, Герхард Шредерге жіберілді делінген.
НАЗАРБАЕВ
Осыдан аз уақыт бұрын Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинпен кездескен еді. Қоғамда бірінщі президенттің бұл кездесуі көп әңгімеге арқау болған.