Эталондық брендтер үшін мұнай бағасының өсуі жалғасып жатыр. Лондондық ICE Futures биржасының мәліметі бойынша Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің құны 0,3%-ға өсіп, барреліне 74,4 долларды құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл ретте WTI мұнайының фьючерстері де қымбаттады. Нью-Йорк тауар биржасында электронды саудада ақпандағы келісімшарттар 0,45%-ға қымбаттап, барреліне 70,92 долларды құрады.
Бағалардың өсуі нарықтық күтулердің өзгеруіне, соның ішінде өндірістің қысқаруына, геосаяси факторларға және негізгі мұнай өндіруші елдердің экономикалық саясатына байланысты болуы мүмкін.
Нарықтағы соңғы ауытқулардан кейін баға белгілеулерінің өсуі инвесторлардың энергия сұранысының ұзақ мерзімді тұрақтылығына деген сенімінің қалпына келтірілгенін көрсетеді.
Еске сала кетсек, өткен аптада мұнай мен алтын қымбаттай түсті.
Ал Қазақстан Германияға экспортталатын мұнай жоспарын арттыра түскен.