×
525.11
546.74
4.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.11
546.74
4.88

Шольц Ақтаудағы ұшақ апатының себебін Ресейдің басқыншылығымен байланыстырды

30.12.2024, 23:21
Шольц Ақтаудағы ұшақ апатының себебін Ресейдің басқыншылығымен байланыстырды
Ulysmedia коллажы

Германия канцлері Олаф Шольц 38 адамның өмірін қиған әзербайжандық ұшақтың Қазақстанда құлауы Ресейдің Украинаға қарсы соғысының салдары екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол 30 желтоқсанда X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Шольц Ресейдің агрессиясы Украинаға ғана емес, өзге де елдерге кесірін тигізіп жатқанын атап өтті.

«Бұл соғыс күн өткен сайын көбірек бейкүнә адамдарға, соның ішінде Украинадан тыс жерлерде де зардабын тигізіп отыр», - деді ол.

Канцлер сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Германия Сыртқы істер министрлігі де Шольцтың мәлімдемесін қолдап, қайғылы оқиғаның алдын алуға болатынын жеткізді. Ведомство «егер Путин өзінің қатыгез басқыншылық соғысын жалғастырмағанда, осыншама адамның өлімі болмас еді» деп атап өтті.