×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Халықтың банктерге төлей алмай жатқан қарыз мөлшері 808 млрд теңгеге жетті

31.12.2024, 13:05
Халықтың банктерге төлей алмай жатқан қарыз мөлшері 808 млрд теңгеге жетті
Ulysmedia коллажы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төленбегеніне 90 күннен асып кеткен несиелер (NPL90+) жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АГЕНТТІК НЕ ДЕЙДІ

Агенттіктің хабарлауынша, банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, биыл 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі бір ай бұрынғы 3,3%-дан төмендеп, 3,2%-ды немесе 1,1 трлн теңгені (01.01.2024ж. – 2,9% немесе 864 млрд теңге) құраған.

– 1 желтоқсанда халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 4,0%-ды немесе 808 млрд теңгені құрады (01.11.2024ж. – 3,9% немесе 777 млрд теңге, 01.01.2024ж. –  3,4% немесе 575 млрд теңге), ал бизнеске берілген кредиттер бойынша – 2,3% немесе 317 млрд теңге (01.11.2024ж. – 2,4% немесе 320 млрд теңге, 01.01.2024ж. – 2,3% немесе 289 млрд теңге). 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 69,2%-ды құрады (01.01.2024 ж. – 75,9%), – делінген агенттік хабарламасында.

БАНКТЕР

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 12 банк шетелдің қатысуымен қаржы институты болса, оның ішінде 9-ы еншілес банк. Қазақстанда халықтың банктерге жалпы қарызы 20 трлн теңгеден асып кеткен.