×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Жетісу облысында директорлар 2 мыңнан астам мұғалімді ақысыз демалысқа шығармай келген

31.12.2024, 13:39
Жетісу облысында директорлар 2 мыңнан астам мұғалімді ақысыз демалысқа шығармай келген
Артем Чурсинов/Baq.kz

Жетісу облысының прокуратурасы еңбек кодексін бұзған лауазымды тұлғалар жазаланғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, білім беру мекемелеріңде жұмыс істейтін 2 мыңнан астам мұғалім мен қызметкерднің бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтірген.

Тексеру барысында Ақсу ауданындағы 35 орта мектепте Еңбек кодексі талаптарының сақталмауы саласындағы бұзушылықтар анықталған.

Еңбек кодексінің 97-бабының 3-бөлігіне сәйкес жұмыс беруші қызметкердің өтінішінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде ақысыз демалыс беруге тиіс.

Алайда осы талаптарға қарамастан мектеп директорлары қызметкерлерге мұндай демалысты беруден бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің басқа да қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілген.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.