Израиль әскери күштері балалары Қазақстанда өсіп келе жатқан әйгілі палестиналық доктор Усам Әбу Софияны ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы TRT-ға сілтеме жасап.
Хуссам Әбу Сафия – Газаның солтүстігіндегі Камал Адван ауруханасын басқарған әйгілі палестиналық дәрігер. Бір күн бұрын ол журналистерге сұхбат беріп, жұбайы – қазақ келіншек балаларымен бірге Қазақстанда тұратынын айтқан еді.
Палестина дәрігері біздің елде медициналық білім алған, осында жарын кездестірген.
ҰСТАУ
TRT басылымы Хуссам Әбу Сафияны Израиль әскери күштері ауруханасына жаппай рейд кезінде ұстады деп жазады. Куәгерлер дәрігердің азапталғанын айтады. Газа үкіметінің хабарлауынша, Камал Адван ауруханасы қирап, жүздеген медицина қызметкерлері мен жаралылар белгісіз бағытта шығарылған.
Дәрігердің отбасы қазір Хуссам Әбу Сафияның тағдыры белгісіз екенін айтып, үндеу жасады.
– Біз әкеміздің тағдырын білмейміз. Біз сізге Израильдің оккупациялық күштерінен оны дереу босатуға мәжбүрлеу үшін шаралар қабылдауға шақырамыз. Қазір әкеміз түрмеде отыр. Сіздер куәгерлерден оны шешіндіріп, ұрып-соғып, адам қалқаны ретінде қолданғанын естідіңіздер. <...> Біз Қазақстанның азаматымыз, – делінген отбасы үндеуінде.
ТАЯУ ШЫҒЫС
Еске сала кетейік, 7 қазанда Газадағы соғысқа тура бір жыл болды. Таяу Шығыстағы бейбітшілік елшісінің бұрынғы кеңесшісі, әйгілі саяси технолог Ашиш Прашар бұл қанды оқиға 70 жыл бұрын басталған деп мәлімдеді.
Оның пікірінше, Израиль идеологиясы адам құқықтарының бұзылуына, терроризмге және нәсілдік үстемдікке негізделген. Прашар "геноцидке салық салынбайды" науқанын бастап, адамдарды соғысты қолдамауға шақырды.