×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Ресей Украинаға тағы да жаппай соққы жасады

31.12.2024, 16:33
Ресей Украинаға тағы да жаппай соққы жасады
eadaily.com

Ресей әскері Украина аумағына қанатты және баллистикалық зымырандар, сондай-ақ дрондар арқылы жаппай соққы жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Голос Америка басылымының жазуынша, Сум облысындағы Шостка қаласында 12 көпқабатты тұрғын үй, 2 білім беру мекемесі зақымдалып, кейбір инфрақұрылым нысандары қирағанын Шостка мэрі Николай Нога хабарлаған.

Киев қаласының әскери әкімшілігінің мәліметінше, зымыран сынықтары украин астанасының Дарница ауданында құлаған. Үш жеке ғимарат пен екі көлік зақымданған.

Украина Қарулы Күштерінің мәлімдеуінше, ресейлік зымырандар Харьков облысында, Черкасс облысының солтүстігінде, Сумы мен Полтава облыстарының шекарасында, сондай-ақ Чернигов облысының оңтүстігінде байқалған.

Бұған қоса, түннен бастап Украинаға дрондар шабуыл жасап жатыр. Ел аумағында әуе дабылы жарияланды.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда көрші әрі бауырлас мемлекет – Украинаға басып кірген. Президент Владимир Путин кейінгі кезге дейін басқыншылықты “арнайы операция” деп атап, ондағы мақсаты орыс тілді азаматтардың құқығын қорғау екенін айтудан танбады. Түрлі сарапшылар шын мәнінде Путинге Украинаның өркениетті Еуропаға қарай бой түзеп, Еуро Одаққа, НАТО-ға қосылуды жоспарлау арқылы өзінің ықпалынан сусып бара жатқаны ұнамағанын айтады.

ПУТИННІҢ МАҚСАТЫ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің басты мақсаты – Донецк пен Луганск облыстарынан тұратын Донбасты толығымен басып алу және Украинаның Курск облысындағы әскерлерін ығыстыру екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Путиннің Украина бойынша “бейбіт” жоспары елді үш бөлікке бөліп, оккупацияны жалғастыруды көздейтіні хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары