×
526.11
542.31
4.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.11
542.31
4.76

Әкежан Қажыгелдин: Ресейден қорқудың қажеті жоқ – мәселе өзімізде

01.01.2025, 16:19
Әкежан Қажыгелдин: Ресейден қорқудың қажеті жоқ – мәселе өзімізде
DW

Қазақстан билігіне парламенттік республика болуына, демократиялық бағытқа бұрылып, либерализация жүргізуге Ресейдің өктем саясаты қолбайлау болып отыр ма? Ulysmedia.kz алаңында жылды қорытындылаған саясаткер, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдинге осы сұрақ қойылды.

ҚАЖЫГЕЛДИН НЕ ДЕЙДІ

«Біз де қызметте болдық қой бір кезде. Маған Черномырдин (Ресей министрлер кеңесінің төрағасы болған) болсын немесе Ельцин (Ресей президенті болған) болсын, телефонды жұлып алып, нұсқау бере алмайтын. Мәселе Путинде ғана емес, мәселе бізде. Намысың болса, жүрегің болса, мінезің болса, қай жері әкетіп бара жатыр аналардың? Мен олардың арасында бірге өстім, мектепте оқыдым, әскерде болдым, институтта оқыдым, жатақханада жаттым. Мінезіңді көрсетсең, сыйлайды. Сыйлаудан басқа ештеңе керегі жоқ. Олар бізді жалғанда жақсы көрмейтін де шығар, керегі де жоқ бізге», - дейді ол.

Саясаткердің айтуынша, сондықтан «ойбай Москва, ойбай Путин» деген аргументті сылтау деп есептейді.

«Өзімізден бәрі. Дәл қазір өзгеріске бұрылатын жағдай болып жатыр. Мына Сирияда жағдай неден болды? Сириядағы жағдай, олардың артында тұрған екі үлкен мемлекеттің қуатын жоғалтып бара жатқан себебінен болған нәрсе. Иран мен Ресей! Мемлекеттің келешегін сақтау тұрғысында мәселені талқылайтын болсақ, онда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жасап жатқан әрекеттері өте дұрыс. Екіншіден, пайдалы. Үшіншіден, көрінбесе де, саяси жетістіктер бар», - дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz порталының youtube-арнасынан көре аласыздар.