×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жедел жәрдемге хабарласа алмады: Степногорск тұрғыны тамаққа қақалып көз жұмды

20.09.2021, 20:55
Жедел жәрдемге хабарласа алмады: Степногорск тұрғыны тамаққа қақалып көз жұмды

Тамаққа қақалған Степногорск тұрғыны ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Куәгерлер жедел жәрдемді 15 минут бойы хабарласа алмай қойған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.Тамаққа қақалған Степногорск тұрғыны ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Куәгерлер жедел жәрдемді 15 минут бойы хабарласа алмай қойған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Жергілікті Instagram парақшада жазылғандай, ер адам тамаққа қақалып, ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Қоғамдық орында тамақтануға барған басқа адам тамаққа қақалған ер адамды өз көлігімен ауруханаға алып барған, себебі қоғамдық тамақтану орнының әкімшілері де, сол жерге тамақтануға келген басқа адамдар да жедел жәрдем қызметіне 15 минут бойы хабарласа алмаған. Осы уақыт аралығында ер адамның денсаулық жағдайы нашарлап кеткен.куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдемге хабарласқан кезде диспетчер жедел жәрдем қызметінде қала бойынша бір ғана телефон бар екенін айтқан, - делінген Instagram парақшада.

aqmolanews.kz-нің мәліметінше, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпараттты растаған.

«Сағат 19:58-де 102 нөмірінен хабарласып, «Шашлыков», дәмханасынан жедел жәрдемге хабарласа алмай жатқандарын, ер адамның жағдайы нашарлап кеткенін айтты. Диспетчер шақыртуды тіркеп қойған. Жедел жәрдем оқиға орнына бармаған, себебі 20:02-де қабылдау бөлімінен хабарласып, ер адамның денесі жеткізілгенін айтқан», - делінген хабарламада.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Степногрск қаласында бір ғана диспетчерлік бөлім бар екенін атап өткен. Сағат 19:10-20:00 аралығында жедел жәрдем 13 қоңырау қабылдаған. Ал аталған дәмханадан қанша қоңырау келгені белгісіз. Орын алған оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды .