×
525.11
546.74
4.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.11
546.74
4.88

"Путин Трамптан қорқады" - Зеленский

03.01.2025, 18:31
"Путин Трамптан қорқады" - Зеленский
Валерий Шарифулин / ТАСС

Владимир Зеленский АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысқа қалай әсер ете алатыны туралы ойын айтты. Бұл туралы ол «Единые новости» телемарафонына берген сұхбат барысында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сұхбат барысында әңгіменің едәуір бөлігі АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампқа арналды. Владимир Зеленскийдің айтуынша, Трамп қазіргі жағдайда шешуші рөл атқара алады.

- Бұл соғыста Трамп бізге Путинді тоқтатуға көмектесе алады. Менің ойымша, Трамп шынымен де соғысты тоқтатқысы келеді. Мен бұған сенемін, — деді Украина президенті.

Зеленскийдің сөзінше, оның Трамппен қарым-қатынасында әзірге жағымсыз жайттар болған жоқ. Сондай-ақ оның айтуынша, еуропалықтар қазір АҚШ-тың сайланған президентінің ұстанымына бағытталып отыр. Зеленскийдің пікірінше, егер Трамп Украинаны қолдаса, бұл Украинаға өз елін ғана емес, басқа да елдерді біріктіруге көмектеседі.

Владимир Путиннің Трампқа деген көзқарасы туралы Зеленский былай деді:

Менің ойымша, Путин Трамптан қорқады. Сондықтан Кремльдің белгілі бір пікірлерін Трамп әкімшілігіне жеткізу үшін түрлі әрекеттер жасап жатыр.

Айта кетейік, Дональд Трамптың инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында өтеді. Ол сайлауалды науқаны кезінде Ресей мен Украина арасындағы соғысты тез тоқтата алатынын мәлімдеген болатын.