×
526.11
542.31
4.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.11
542.31
4.76

100-ге жуық көлік соқтығысқан трассадағы қазіргі жағдай қандай

04.01.2025, 09:27
100-ге жуық көлік соқтығысқан трассадағы қазіргі жағдай қандай
ТЖМ видеосынан кадр

Боран салдарынан 95 көлік соқтығысқан Астана - Щучинск трассасындағы қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚазАвтоЖолдың” деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жел, нашар көру) “Астана-Петропавл” автожолындағы учаскесі (18-232 км, Астана қ.-Щучинск қ.) автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

Жылыту пунктінде 118 адам, оның ішінде 42 бала бар.

ТҮНДЕГІ ЖАҒДАЙ

3 қаңтарда түстен кейін Ақмола облысы Бұланды ауданы Жаңаталап ауылының маңында "Астана-Петропавл " автожолында жол апаты болды. ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарын жою және көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары апат орнына дереу жіберілді. Оқиға орнына ТЖМ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастаған ведомство басшылығы да барды.

4 қаңтарға қараған түні авариялық-құтқару жұмыстары барысында 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Олар Астана қаласына бара жатқан машиналармен және ТЖ көлігімен жөнелтілді.

21 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Медициналық мекемелерге 21 адам жеткізілді, өздері жүгінген азаматтар да бар, оның ішінде 11 адам ауруханаға жатқызылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды. Жылыту пункттері ашылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

ЖОЛ АПАТЫ БОЛҒАН ЖЕР ТАЗАРТЫЛДЫ

Жол апатының салдары толығымен жойылды, жолдың шетіндегі қисық сызықты брус қалпына келтірілді. Ол түнде жолда қалған көліктерді өткізу үшін алынып тасталған болатын. Жол қызметінің қызметкерлері жол учаскесін толығымен тазартты.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға жаяу жүруден бас тарту керегі хабарланды.