3 қаңтарда Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу асы берілді. Шараға Алматы, Талдықорған, Шымкент пен Қызылордада қаза тапқан адамдардың жақындары жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанның бес қаласынан 30-дан аса адам жиналып, алдымен Тараздағы орталық мешітке барып, қаза тапқандарға Құран бағыштады. Марқұмдардың жақындары Қаңтар оқиғасында қаза тапқандар ұмытылмауы керегін айтты.
- Сол түні балаларымыз үйден шыққан күйі оралмады. Бұл көптеген отбасының қабырғасын қайыстырды, дейді жиналғандар.
Сонымен қатар, марқұмдардың жақындары:
Құрбандардың жақындарының бұл сөзін шараға қатысқан азаматтық белсенділер де қолдады.
ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНДА 227 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасы кезінде 227 адамның қаза тапқанын мәлімдеген болатын. Оның ішінде әскер мен полиция қызметкерлері де, билік «террорист» деген адамдар да, қарапайым азаматтар да бар.