×
526.11
542.31
4.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.11
542.31
4.76

Шетелдік лаңкестерге соғысты үгіттеумен айналысқан екі қазақстандық сотталды

04.01.2025, 10:32
Шетелдік лаңкестерге соғысты үгіттеумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
gov.kz

Бұрын терроризмді насихаттағаны үшін және басқа да қылмыстары үшін қамауға алынған Қазақстанның екі азаматына қатысты сот процестері аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Солардың бірі – Тараз тұрғыны, айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлаған.

Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін (ҚК-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір – Алматы тұрғыны, жалпы қылмыстар үшін бірнеше рет соттылы болған, ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттаған.

Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жалпы, жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.