Абай облысында Ертіс өзеніне жарыс кезінде автокөлік құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ІІМ-ге сілтеме жасап.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
2025 жылы 5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне құлап түскені туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілген. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Төрт жігітке не болғаны жөнінде әзірге ақпарат берілмеді. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады, азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.