Ресей әскери күштері Курск облысында "бірнеше бағытта шабуылға ұшырағанын" Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі жанындағы жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығының жетекшісі Андрей Коваленко хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Курщинадан жақсы жаңалық. Ресей өзіне "лайықтысын" алады", - деп жазды көп ұзамай Украина президентінің кеңсесінің басшысы Андрей Ермак.
Кейбір ресейлік z-блогерлер, атап айтқанда Юрий Подоляк, Роман Алехиндер Украина әскері шабуылды бастағанын растайды. Ресей қауіпсіздік күштеріне жақын mash телеграм-арнасы Курск бағытында "шағын топтар" ілгерілегенін жазды.
БАЙДЕН ТАПСЫРМАСЫ
Бірнеше күн бұрын Байден Пентагонға Украинаға қару-жарақ жеткізу қарқынын арттыруды тапсырған еді. Бұл мәлімдеме Ресейдің Украина энергетикалық жүйесіне ауқымды шабуылдар жасағаны туралы жаңалықтардан кейін жасалды.
«Рождествоның алғашқы сағаттарында Ресей украин қалалары мен маңызды энергетикалық инфрақұрылымына зымырандар мен дрондар арқылы бірқатар шабуыл жасады. Бұл сорақы шабуылдың мақсаты – украин халқынан қыс мезгілінде жылу мен электр қуатын тартып алып, энергетикалық жүйенің қауіпсіздігін қатерге тігу», – делінген Байденнің мәлімдемесінде